Алматыда пәтерден 30 мың доллар ұрлап кеткен ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда пәтерден 30 мың доллар ұрлап кеткен ер адам ұсталды © Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматыдағы Әуезов ауданының полицейлері ірі көлемде ақша ұрлаған ұрыны әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Әуезов ауданының полицейлері ірі көлемде ақша ұрлаған ұрыны әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуезов аудандық ІІБ жедел қызметкерлері пәтерден аса ірі көлемде қаражат ұрлап кеткен Алматы қаласының 1987 жылғы тумасын ұстады. 

"Бұл оқиға Ақсай-5 ықшамауданында болды. Күдікті бірінші қабаттағы пәтерге ас бөлмесіндегі терезе арқылы арқылы кіріп, ішінде 30 мың доллар тұрған сөмкені алып кеткен. Терезенің торы болмаған. Таң атар уақытта болған. Барлығы ұйықтап жатып, ешкім ещтеңе естімеген. Зардап шеккен тарап мұндай қаражаттың үйде болуын жақында жылжымайтын мүліктерін сатып, ақшаны депозитке салмақшы болғанымен түсіндірді", - деді полиция полковнигі Әуезов ауданының ІІБ бірінші орынбасары Құмарбек Кеншінбаев.

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Күдікті осыған дейін біреудің мүлігін тонау дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарытылған. Осыған байланысты ұсталған ер адамнан зардап шеккендерге мына нөмірлер бойынша хабарласуларын сұраймыз: 298-53-01 немесе 102", - деді Әуезов ауданының ІІБ бірінші орынбасары Құмарбек Кеншінбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети