Алматыда полицейлер қару қолдану арқылы тоқтатқан автомобильде қандай жүктің болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер қару қолдану арқылы тоқтатқан автомобильде қандай жүктің болғаны анықталды © Мемлекеттік кірістер департаменті

Алматы полицейлері оқ ату арқылы тоқтатқан автомобильде халықтық тұтыну тауарлары болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті түсінік беру басқармасының төрағасы Еділ Әзімшайық хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері оқ ату арқылы тоқтатқан автомобильде халықтық тұтыну тауарлары болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті түсінік беру басқармасының төрағасы Еділ Әзімшайық хабарлады.

"Аян" бекетінде өткізілген шара барысында мемлекеттік кірістер департаменті мен ішкі істер департаментінің қызметкерлері іші қалталарға толы екі автомобильді тоқтатқан.

"Бұл автомобильдер контрабандалық тауарлармен Қырғызстаннан Алматыға келген", - деді басқарма төрағасы. Тексеру барысында автомобиль салондарында кішкентай балаларға арналған, ер адамдар мен әйелдерге арналған тауардың болғаны және оларға тауар тасымалдау туралы құжаттың болмағаны анықталған.

© Мемлекеттік кірістер департаменті

Автомобильдердің бірі полицейлерден қаша жөнелген. Құқық қорғау органының қызметкерлері оны тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болды. Нәтижесінде Volkswagen Transporter Торайғыров пен Мұстафин көшелерінің қиылысында аударылып қалды. "Қазір екі автомобиль де қолға түсірілді. Ондағы тауарлар тәркіленді. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деді Әзімшайық.

Сонымен қатар ол Алматы қаласы мен облысында кеден және салық басқармаларымен бақылау-профилактикалық шараларының жүргізіліп жатқанын айтты. Заңсыз тауарды тасымалдаушылардың жолын кесу мақсатында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Алматыға өткізетін бекеттерде кезекшілік атқарып жатыр.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети