Алматыда продюсерді әйелі мен балаларының көзінше соққыға жыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда продюсерді әйелі мен балаларының көзінше соққыға жыққан © express-k.kz

Қазақстандық белгілі продюсер әрі режиссер Андрей Кузьминді (телекөрермендерге Superstar.kz және X-Factor жобалары арқылы таныс) Алматыда әйелі мен балаларының көзінше автобустың билет тексерушілері соққыға жыққан, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс-К" газетіне сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық белгілі продюсер әрі режиссер Андрей Кузьминді (телекөрермендерге Superstar.kz және X-Factor жобалары арқылы таныс) Алматыда әйелі мен балаларының көзінше автобустың билет тексерушілері соққыға жыққан, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс-К" газетіне сілтеме жасай отырып. 

Бұл оқиға 1 маусым күні болды. Андрей, әйелі және алты жасар қызы Ева мен үш жасар Илеананы ертіп №45 автобусқа отырады. Андрейдің әйелі жол ақысын валидатор арқылы төлемек болып, екі адам үшін 160 теңге салғанда валидатор екі билет бермей, бір жарым билет шығарады. 

Аялдамалардың бірінде автобус салонына билет тексерушілер кіріп, Андрейде екі билет болмағандықтан күштеп отбасымен автобустан шығарып жіберген. Автобустағы басқа жолаушылар Андрейді жақтап, жағдайды түсіндірмек болғанда билет тексерушілер олардың сөзіне құлақ аспаған көрінеді. 

Билет тексерушілер өздерінің әрекеттерін қалтафондарына видеоға түсірген. Андрей осы бейнежазбаға кедергі келтірмекші болғанда тексерушілердің бірі оның жағынан ұрып жіберіпті. Қатты соққы алған Андрейге жедел жәрдем шақырылды, ал билет тексерушілерді оқиға орнына шақырылған патрульдік полиция қызметкерлері алып кетті. Кузьмин өзін жәбірлеушілердің үстінен полицияға арыз жазды. 

Ал автопарк пен әкімшілікте осы оқиғаға байланысты ешқандай түсініктеме берілмей отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети