Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жатақханасында болған жаппай төбелестен студент қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жатақханасында болған жаппай төбелестен студент қаза тапты © kaznau.kz

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында бірінші және екінші курстың шамамен 10 студенті түнгі уақытта төбелес шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында бірінші және екінші курстың шамамен 10 студенті түнгі уақытта төбелес шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Түнгі сағат бірде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында бірінші және екінші курс студенттерінің арасында төбелес шыққан. Салдарынан бірінші курстың 1999 жылғы студенті қаза тапты. Пышақ жарақаты немесе басқа да көрінетін жарақаттар жоқ, дене жарақаты да анықталмады. Төбелес шығып, бір студент қаза тапты. Жедел жәрдем шақырған, олар студенттің қайтыс болғанын айтқан. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді", - деді Алматы қалалық прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.

Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 адам төбелескен. Зардап шеккендердің бірі кәмелет жасына толмаған. Төбелеске қатысқан барлық адам ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети