Алматыда қоқыс жәшігінен дене мүшелері табылған ер адамның өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қоқыс жәшігінен дене мүшелері табылған ер адамның өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталды © Тengrinews.kz

Алматыда тұрғын үйлердің бірінің ауласында қоқыс жәшігінен дене мүшелері табылған ер адамның өліміне қатысы бар күдіктілер Байқоңырда ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрғын үйлердің бірінің ауласында қоқыс жәшігінен дене мүшелері табылған ер адамның өліміне қатысы бар күдіктілер Байқоңырда ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полицейлері 1991 жылы туған Р. Ситак есімді азаматты өлтірді деп танылған күдіктілерді Байқоңыр қаласынан ұстаған. 7 қыркүйекте Алматының Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде ер адамның дене мүшелерін табылған болатын.

Күдіктілер - ШҚО және Павлодар қаласының тумалары, 1993 және 1994 жылы туған азаматтар. Өз таныстарын өлтіруге араларындағы жағымсыз жағдай cебеп болған. Ауыр қылмыс жасаған соң олар Алматыдан қашып, мемлекеттік шекарадан өтіп кетпек болған.

Қазіргі кезде қалалық криминалды полиция және Алмалы ауданының ІІБ қызметкерлерінен құралған арнайы жедел-тергеу тобы күдіктілерді Байқоңырдан Алматыға алып келе жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Алматының Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде ер адамның дене мүшелерін тапқаны жайлы айтылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның қалдықтары - басы және қолы. Ол контейнердің ішіндегі мүшелерді қоқыс жәшіктерін қарап жүрген үйсіз адам көрген. Полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, куәгерлерді сұрастырып жатыр. Оқиға орнына қалалық ІІД-нің басшысы Серік Күдебаев келді. Ал таяуда қаза болған ер адамның Алматыға Кентаудан келгені белгілі болды. Сонымен қатар, оның туысы келіп, мәйітті таныпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети