Алматыда қырағы тұрғын көлік ұрысын қорқытты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қырағы тұрғын көлік ұрысын қорқытты Видеодан алынған кадр

Алматы қалалық криминал полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде тараған видеоға жауап берді. Кадрларда белгісіз адам көлік тонамақшы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұрының жоспарын қырағы жаяу жүргінші бұзды. Ол болған оқиғаны видеоға түсіріп алған. 

"Видео зерттелгеннен кейін, ондағы адамның кім екені анықталды. Тәжірибелі мамандар оның 1975 жылы Алматы облысында туған ҚР азаматы және бірнеше рет сотталғанын анықтады. Бұл дерек бойынша, Алмалы ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру" бойынша соталды тергеу бастады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің криминал полиция басқармасының басшысы, подполковник Есен Ысқақов.

Алматы полицейлері ер адамға алғыс білдіре отырып, мегаполис тұрғындарынан мұқият болып, күдікті адамдардың заңсыз әрекетін байқаған жағдайда полиция бөліміне немесе "102" нөміріне дереу хабарлауды сұрады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети