Алматыда қызды қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

© "Территория происшествий"

Алматыны? ?уезов ауданды? сотында ?ызды ?а?ып ?лтірген автобус ж?ргізушісіне ?атысты сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Алматының Әуезов аудандық сотында қызды қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Сот Әнуар Жәнібековті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") айыпты деп танып, оны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ол 4 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Соттың үкімімен ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен деңгейдегі мекемеде өтейді.

Осыған дейін прокурор жүргізушіні 2,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Реклама
Реклама

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 18 сәуірде Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында сағат таңғы сегізде болған. 24 жастағы қызды жолдан өте бергенде асқан жылдамдықпен келе жатқан автобус қағып кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама