Прокурор Алматыда қызды қағып кеткен жүргізушіні 2,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

29 Мамыр 2018, 16:11
0
Прокурор Алматыда қызды қағып кеткен жүргізушіні 2,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады - Сурет "Территория происшествия" бағдарламасынан
Сурет "Территория происшествия" бағдарламасынан

Алматыда прокурор Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында сағат таңғы сегіз шамасында 24 жастағы қызды жолдан өте бергенде асқан жылдамдықпен қағып кеткен автобус жүргізушісін 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, бүгін Әуезов аудандық сотында айыпталған жүргізушіге қатысты сот ісі басталды. 

Айыпталушы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Қайтыс болған қыздың әкесі оған кешірім бергенін айтты. Сотталушының адвокаты шартты мерзім берілетініне үміттенеді.

"Оның кәмелет жасына толмаған үш баласы бар, пәтер жалдап тұрады. Ол моральдық және материалдық залалдың орнын толтырды. Жәбірленушілер кешірім берді. Ол өз кінәсін мойындады, оған бас бостандығынан айыру жазасы кесілмесе деген ойдамыз. Шартты. Қылмыс деңгейі ауыр емес, яғни қасақана істемеген", - деді адвокат. 

Қорғаушының айтуынша, жүргізуші бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтіп кетпекші болған қызды байқай алмаған. 

"ҚР жол ережерін өрескел бұза отырып, абайсызда жәбірленуші Әйгерім Ерланқызын қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз бала қайтыс болды. Айыпталушыға қатысты тағылған айыптар толығымен дәлелденді деп есептеймін. Ол оқиғаның қалай болғанын және өз кінәсін сотта мойындады. Куәгер Гусейновтың жауаптары мен сараптама қорытындысы нәтижесінде оның кінәлі екені анықталды. Айыпталушы мен жәбірленуші тарап өзара қарсылығы жоғын айтты. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2 жыл алты ай бас бостандығынан айыруды сұраймын, 5 жылға жүргізу құқығынан айырылсын және жазасын қауіпсіздігі барынша төмен деңгейдегі мекемеде өтеуін сұраймын", - деді прокурор.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 18 сәуірде Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында сағат таңғы сегізде болған. 24 жастағы қызды жолдан өте бергенде асқан жылдамдықпен келе жатқан автобус қағып кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай