Алматыда телефон лаңкесі қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда телефон лаңкесі қамауға алынды ©Tengrinews.kz

Алматының шетіндегі Боралдай ауылында лаңкестік әрекет болады деп хабарлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының шетіндегі Боралдай ауылында лаңкестік әрекет болады деп хабарлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 қаңтар күні Алматының төтенше жағдайлар департаментіне біреу қоңырау шалып, Іле ауданындағы Боралдай ауылында "қазір күшті жарылыс түрінде лаңкестік әрекет болады", деп хабарлаған. "Арлан" арнайы жасағының саперлері, Іле аудындық ішкі істер басқармасының полицейлері және облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері қоңырау түскен көшені қоршап, аталған аймақты мұқият тексерді, алайда жарылғыш зат табылмады.

Жедел-іздестіру кезінде полицейлер қоңырау шалған адамның кім екенін анықтады, ол 35 жастағы Боралдай ауылының тұрғыны. "Күдікті адам қамауға алынды, лаңкестік туралы жалған хабар тарату ісі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды", - делінген хабарламада. Полиция "ішімдік ішкен ер адам өзінің кінәсіздігін, бұл арқылы тек қалжыңдағысы келгенін айтып ақталды", - деп хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети