Алматыда төлем терминалын тонау сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда төлем терминалын тонау сәті видеоға түсіп қалды Видеодан кадр

Алматыда төлем терминалын бұзу сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда төлем терминалын бұзу сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда бүгін түнде шамамен сағат екілерде Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында белгісіз ер адам азық-түлік дүкеніне көше жақтан кіреберістегі терминалды тонамақшы болған. Ер адам бастапқыда есікті бұзып, дүкенге кірген. Кейіннен терминалды бұза бастаған.

"Біз ақшаны шығара алмау үшін осылай әдейі жасадық. Біздің дабылымыз жұмыс істеді, арнайы күзет қызметкерлері оқиға орнына бес минуттан соң жетіп келді. Терминалдың мониторындағы жақтауды алып тастаған ұры ақшалардың қосымша ақша салатын жерде екенін көрген. Содан ұры оқиға орнында екі минуттай болып, терминалды бұзып тастап, дүкеннен қашып кеткен", - деді дүкеннің директоры Дархан Шынғожин. Оның айтуынша, бұл осымен екінші рет болып отырған жағдай.

Сонымен қатар, дүкен директорының айтуынша, түнде терминалда шамамен 80 мың теңге болыпты. Дегенмен, ұры ол ақшаларды ала алмаған. Ал дүкеннің иесі полицейлерге хабар берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети