Алматыда ұрланған телефондар Бішкекте сатылып отырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ұрланған телефондар Бішкекте сатылып отырған © МPhone Finder

Алматы полициясы ұрланған телефондардың Бішкекте сатылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы ұрланған телефондардың Бішкекте сатылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы ІІД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері қатарынан құрылған арнайы топ өкілдері Бішкекке барған. Қазақстанның полиция қызметкерлері жергілікті құқыққорғаушылармен бірігіп, қаланың телефон сатумен айналысатын және "жабайы" сауда орындарын аралады. Сатушылардан сөрелерінде болған барлық телефондардың IMEI-коды туралы мәлімет алынды.

"Осылайша, 2012 жылдан 2016 жыл аралығындағы мәліметтерді салыстыру шаралары өткізілді. Осы уақытқа дейін Алматыда ұрланған 104 ұялы телефон анықталды", - деп бөлісті алғашқы ақпараттармен Алматы ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Алматыда ұрланғаны анықталған телефондарды қайтару туралы Қазақстанның Бас прокуратурасының халықаралық тапсырмасын атқару мәселесі қарастырылып жатыр. Ол телефондар өндірісте бар қылмыстық іске тіркеледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети