Алматыда жалғызбасты аналарды алдап келген әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жалғызбасты аналарды алдап келген әйел ұсталды

Алматыда әйелге алаяқтық жасады деген айып тағылды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәліметінше, ол тұрғын үй алуға жалғызбасты аналарға қайтарымсыз көмек көрсету қызметін ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны күдікке ілінді. 

"Күдікті әйел өзінің әпкесі арқылы пәтерге мұқтаж сенгіш азаматтарды тауып отырған. Ол жәбірленушілерден қомақты қаражаттың бір бөлігін алып, ол үшін проблемалық пәтерлерді алып беруге уәде еткен. Алайда ақшаны ала салысымен ізім-ғайып жоғалып отырған. Оның құрбандары көбіне жалғызбасты аналар. Күдікті жәбірленушілерден 750 мың теңге алып отырған. Негізінде әйел тұрғын үй мәселесін шешуге еш қатысы жоқ. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Тұрыспаев. 

Осы азаматшаны таныған жағдайда және оның тарапынан істелген алаяқтық әрекеттің құрбаны болсаңыз мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8-701-718-70-69 немесе 298-53-70.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети