Алматыда жол үстінде алаяқтық ұйымдастырушылардың бірі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол үстінде алаяқтық ұйымдастырушылардың бірі ұсталды Видеодан скриншот

Алматыда сыбайласына көлік астына түсіп қалғандай болып көріну үшін өтіп бара жатқан көліктердің алдын жауып тұрған жол үстіндегі алаяқтық оқиғасына қатысушылардың бірі ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәлімдеді. Еске салайық оқиғаның видеосы 2016 жылдың 25 қарашасында Желіде пайда болған.

Оның айтуынша, полиция ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. "Delica көлігінің жүргізушісі ұсталды, Өзбекстан азаматы. Ол алаяқтық жолмаен ақша тауып жүргенін мойындады. Жаяу жүргіншінің де тұлғасы анықталды. Жақында ол ұсталады. Delica көлігінің бұл істегі рөлі: жаяу жүргінші жолына тұрақтап тұрып, көріністі жауып тұрады - бұның өзі ереже бұзу, жаяу жүргінші жолынан 15 метр қашықтықта тоқтау керек. Сценарий бойынша оның сыбайласы осы көліктің арғы жағынан жүгіріп шығып, соққы алғандай болады да, жерге құлайды. Эпизодтардың бірінде олар көлік жүргізушісінен келген шығын үшін 1 000 доллар талап еткен және осынша қаржыны алған", - дейді Әзірбек. 

Салтанат Әзірбектің мәліметінше, күдіктілерге қатысты тек Бостандық ауданында ғана төрт арыз жолданған. "Осындай әрекеттен зардап шеккен барлық азаматтарды Бостандық ауданының ішкі істер бөліміне 2544700, 2544701 телефондары арқылы хабарласуға шақырамыз", - деді ол. Алматы ІІД оқиғаны БАҚ-та жарияланған видео бойынша тергеуге алды. Жүргізушіден немесе ролик авторынан арыз келіп түскен жоқ. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети