Алматы қалалық әкімдігінің ғимаратына кіріп, кабинеттердің бірінде қамалып алған ер адам бұған дейін ұрлық жасап, сотталған болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады. Оның мәліметі бойынша, қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін ер адамда жарылғыш зат болғаны хабарланды. Осыған байланысты алаңды полиция қоршап, Алматы әкімдігіне арнайы жасақ пен саперлер келді. Ер адам ұсталды. Полиция жарылғыш зат туралы мәліметті растаған жоқ. Әзірбектің айтуынша, ұсталған азамат 37 жаста. Ол қаланың Түрксіб ауданында тұрады. Қазір ол түсінік беріп жатыр.
Бұған дейін өзін Евгений деп таныстырған ер адам бірнеше телеарнаға қоңырау шалып, кәсіпкер екенін және Алматы жоғарғы жалпы әскери командалық училищесінде қызмет еткенін хабарлағаны анықталды. Ол өзінің аты-жөнін толық айтудан бас тартты. Алматы әкімдігінде ұсталған ер адамның айтуынша, ол бұл әрекетімен осыдан бірнеше жыл бұрын шығарылған сот шешіміне наразылығын білдіргісі келген.
Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні таңертең Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты қоршауға алынды. Сонымен қатар, оған қарама - қарсы орналасқан республика алаңындағы кеңсе қызметкерлері эвакуацияланды. Онда ірі БАҚ-тардың редакциялары орналасқан. Кейін мемлекеттік орган қызметкерлері мен журналистерге жұмыс орындарына оралуға рұқсат берілді.