Алматы әкімдігіне қамалып алған ер адам 5 жылға сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Биыл қаңтар айында Алматы әкімдігінің ғимаратына кіріп, қамалып алған Евгений Рычковқа қатысты Бостандық ауданының №2 аудандық соты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметінің басшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. Ер адам лаңкестік жайлы жалған мәлімет берді деп айыпталған болатын. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл қаңтар айында Алматы әкімдігінің ғимаратына кіріп, қамалып алған Евгений Рычковқа қатысты Бостандық ауданының №2 аудандық соты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметінің басшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. Ер адам лаңкестік жайлы жалған мәлімет берді деп айыпталған болатын. 

"Жаза тағайындау кезінде сот бұған дейін Рычковқа қатысты Алматы облысы Іле аудандық сотының 2014 жылы 21 қаңтарда ҚР 1997 жылғы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 3-бөлігі "Б" тармағы, 24-бабы 3-бөлігі "Б" тармағы бойынша шығарылған үкімін есепке алды, ол үкім бойынша Рычковқа ҚК 63-бабы қолданылып, ол үш жылдық сынақ мерзімімен төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Сот толықтай өтелмеген жазасын біріктіре отырып, айыпталушыға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ер адам жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Еске сала кетейік, оқиға 13 қаңтарда болды. Бастапқы кезде Алматы әкімдігі қоршауға алынғаны белгілі болды, ал жолдың қарсы бетіндегі ғимараттарда орналасқан БАҚ өкілдері эвакуацияланды. Ер адам қалалық әкімшілік ғимаратына жарылғыш затпен келді делінді. Кейін полицейлер Рычковтың тәртіп сақшыларына берілгенін хабарлады. Жарылғыш зат туралы мәлімет расталмады.

Сол күні кеште БАҚ-тарда ер адамның бірнеше телеарнаға телефон соғып, өзін Евгений деп таныстырғаны хабарланды. Ол кәсіпкер болғанын, бұған дейін Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесінде қызмет еткенін айтты. Ұсталған ер адамның айтуынша, ол бұл әрекетімен осыдан бірнеше жыл бұрын шығарылған сот шешіміне наразылығын білдіргісі келген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro