10 қаңтар 2022 11:54

Алматы әкіміне шабуыл: зардап шеккен тағы бір шенеуніктің жағдайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітовке ота жасалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне дереккөз хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітовке ота жасалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне дереккөз хабарлады.

"Ота жасалды, жағдайы қалыпты. Ауруханада жатыр", - деді дереккөз.

Айта кетейік, Рүстем Байсейітов 6 қаңтарда Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежі құрамында бара жатқанда жараланған болатын. Кортеж Алматы қаласы әкімдігі ғимаратына қарай бет алған кезде белгісіз біреулер оқ жаудырған. Салдарынан Алматы қалалық телеарнасының қызметкері, жүргізушісі Мұратхан Базарбаев қаза тапты. Телеарна операторы Диаскен Байтибаевтың қолына оқ тиіп, екі саусағынан айырылған. Қазір ол да ауруханада жатыр. Алматы әкімінің жүргізушісі мен әкімдіктің екі қызметкері де зардап шекті: олар Спорт басқармасының басшылары Рүстем Байсейітов пен Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов.

Реклама
Реклама

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев зардап шеккен жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram