10 қаңтар 2022 11:43

"Атып қана қоймай, артымыздан қуды" - Алматыда дін істері басқармасының басшысы жағдайын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы бойынша Дін істері басқармасының оқ тиіп, жараланған қызметкері Нұрлан Кикимов Tengrinews.kz тілшісіне жағдайын айтып берді.


Алматы қаласы бойынша Дін істері басқармасының оқ тиіп, жараланған қызметкері Нұрлан Кикимов Tengrinews.kz тілшісіне жағдайын айтып берді.

"Қазір мені бір ауруханадан екінші ауруханаға ауыстырып жатыр. Қай ауруханада екенімді айта алмаймын. Қажетті шұғыл ота жасалды (...) Оқты ала алмады, дәрігерлер консилиум жүргізіп, негізгі отаны дене сауыққан кезде жоспар бойынша жасаған дұрыс дейді. Арқамнан өкпеге оқ өткен. Оқ жауырынды тесіп кеткен", - деді Кикимов.

Шенеунік қазір ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр, оның жағдайы тұрақты деп бағаланған. "Мен ем қабылдап, сынамалар тапсырып жатырмын", - деп қосты шенеунік.

Кикимов штабта жұмыс істегенін, сол күні, 6 қаңтарда әкімдік ғимараты лаңкестерден босатылғаны туралы хабарланғанын айтты.

"Біз шығынды анықтау үшін оқиға орнына барғанда, ұйымдасқан топ шабуыл жасады. Бұл келісілген және мақсатты әрекет. Олар атып қана қоймай, артымыздан қуды", - деді ол.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа шабуыл жасалғаны хабарланған болатын. 6 қаңтарда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне шабуыл жасалды. Оқиғаның мән-жайын "Алматы" телеарнасының бас директоры Нұржан Жалауқызы айтып берді. Шабуыл кезінде телеарна қызметкерлерінің бірі қаза болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети