Алматы әуежайында шетелдік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайында шетелдік ұсталды видео кадры

Көлік полициясының қызметкерлері Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан алыс шетелден келген күдікті пошта сәлемдемесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көлік полициясының қызметкерлері Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан алыс шетелден келген күдікті пошта сәлемдемесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тексеру кезінде оның ішінен салмағы 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және салмағы 623 грамм тетрагидроканнабинол психотроп заты бар екі банка табылды.

"Қала әуежайында пошта жөнелтілімін күткен шетелдік ұсталды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.23  course down  574.22  course down  6.3  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети