07 қазан 2016 | 13:36

Алматы әуежайында сынап төккен адам екі айға қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mghow.ru © mghow.ru

Түрксіб аудандық соты Алматы әуежайында сынап төккен ер адамды екі айға қамауға санкция берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Қызылорда тұрғыны 2016 жылдың 3 желтоқсанына дейін, яғни екі айға қамалды.


Иконка комментария блок соц сети

Түрксіб аудандық соты Алматы әуежайында сынап төккен ер адамды екі айға қамауға санкция берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Қызылорда тұрғыны 2016 жылдың 3 желтоқсанына дейін, яғни екі айға қамалды.

Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігі ("Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы") бойынша жүргізіліп жатыр. Осы бап бойынша заң бұзушы мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Еске салайық, осыған дейін 3 қазанда Алматы әуежайында Алматы - Тбилиси бағытында тексеру барысында жолаушыдан сынаптың табылғаны хабарланған болатын. Авиациялық қауіпсіздік қымзетіндегілердің күмән туғызған сынапты тәркілеу туралы талабына жолаушына ешқандай да ескертусіз табылған сынапты қоқысқа төгіп тастады. Нәтижесінде сұйықтық төгілді. Бұл жағдай туралы жедел түрде әуежай басшылығы мен қызметіндегілерге хабарланды.

ҚР ІІМ мәліметі бойынша, сынапты төккен жолаушы, Қызылорданың 28 жастағы тұрғыны. Ол ұсталып уақытша қамау изоляторына қамалған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети