Алматы Халықаралық әуежайында ресми такси жүргізушісі мен жеке тасымалдаушы төбелескен, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі.
Алматы Халықаралық әуежайында ресми такси жүргізушісі мен жеке тасымалдаушы төбелескен, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі.
Төбелес әуежай аумағында болған. Қазіргі уақытта полиция төбелестің неден шыққанын анықтау үстінде.
"Жәбірленуші - ресми такси жүргізушісі арызданудан бас тартты. Кейін полицияға компанияның атынан арыз түсті. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабы бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама жасалады. Сонда ғана белгілі болады, себебі жәбірленушінің өзі әлі күнге арыз жазған жоқ. Ол жоқ болғандықтан, біз қандай деңгейдегі жарақат алғанын анықтау үшін тіпті сот-медициналық сараптаманы да бекіте алмаймыз", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оның айтуынша, жеке тасымалдаушының аты-жөні анықталып, одан жауап алынған. Төбелес дерегі бойынша Түрксіб аудандық ІІБ полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.