18 қаңтар 2022 | 17:42

Алматы банкоматтарынан жарты миллиард теңге ұрланған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер мен бүлік кезінде банктер мен микроқаржы ұйымдарына келтірілген шығынның алдын ала сомасы белгілі болды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер мен бүлік кезінде банктер мен микроқаржы ұйымдарына келтірілген шығынның алдын ала сомасы белгілі болды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 18 қаңтардағы жағдай бойынша алдын ала есеп қорытындылары ғана белгілі. Бұл кейбір банктер мен ұйымдар тоналған нысандарға кіре алмайтынына байланысты болып отыр. Онда полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

"Бүлікшілер мен тонаушылар банктерге келтірген шығынның алдын ала мөлшері 4,1 миллиард теңге болады. Бұл сома залалдың толық құнын көрсетпейді, өйткені кейбір банктер залалды алдын ала бағалауға ұсына алмайды. Себебі олар сол нысандарда жүргізіліп жатқан тергеуге байланысты кеңселерге кіре алмайды", - деді агенттік өкілі.

Бүлікшілер мен тонаушылар ең көп шығынды, яғни жиынтық соманың 99 пайызын Алматы банктеріне келтірген.

"Келтірілген шығынның көп бөлігі ұрланған және бүлінген банкоматтарға тиесілі. Олардың құны 1,6 миллиард теңгеге бағаланады. Сондай-ақ, 871 миллион теңге тұратын техника жойылды.

Бұдан басқа, банк кеңселері қирады, осы тармақ бойынша шығын құны 757 миллион теңге болады. Бүлінген банкоматтардан 507 миллион теңге ұрланған", - деп толықтырды агенттік өкілі.

Сонымен қатар, ведомство өкілі микроқаржы ұйымдарына келтірілген зиянның алдын ала мөлшерін ұсынды.

"Ол шамамен 653 миллион теңге болады. Оның 384 миллион теңгесі МҚҰ-ның Алматыдағы филиалдарына тиесілі. Сондай-ақ, Алматы облысында 140 миллион теңгеге және Қостанай облысында 101 миллион теңгеге ұйым мүліктері зардап шекті", - деп қорытындылады ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети