20 ақпан 2018 | 17:07

Алматы барахолкасында тыңшыларға арналған қалам мен техника сатқан ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда барахолка сатушысы видеокамераларды сағат, қалам және оттық түрінде сатқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда барахолка сатушысы видеокамераларды сағат, қалам және оттық түрінде сатқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Жетісу аудандық № 2 сотының үкіміне сәйкес, ер адам техникалық құралдардың барлығын заңсыз түрде сатып алған. Ер адамнан 19 видеокамера тәркіленді. Оның ішінде винт түріндегі 1 видеокамера; аудио, видеоқұрылғылар -  GSM арқылы мәлімет жібере алатын 5 құрал; камерасы бар екі қаламсап; видеокамерасы бар үстелге қоюға болатын екі электрондық сағат; камерасы бар ер адамдарға арналған сағат (...).

Ер адам заңсыз сатып алынған тауарлардың барлығын базарда сатып тұрған. Оны 2017 жылдың күзінде  Алматы қалалық МКД Экономикалық тергеу комитетінің қызметкерлері ұстаған. Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 399-бабының 1-бөлігі бойынша ("Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану") сотқа дейінгі тергеу басталған болатын.

Сотта ер адам кінәсін мойындап, өз әрекетіне өкініп, енді мұның қайталанбайтынын айтты. Соттан жазаламауды сұрады.

Сот оны айыпты деп танып, 500 айлық есептік көрсеткіш (1 134 500 теңге) көлемінде айыппұл салды. Ал техниканың барлығы судьяның шешімі бойынша жойылатын болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети