28 қаңтар 2015 | 12:08

Алматы базарларының біріне марихуана әкелмек болған адам 12 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Сот Алматы базарларының біріне Жамбыл облысының Шу ауданынан 105 келіден асатын марихуана әкелмек болған азаматқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Сот Алматы базарларының біріне Жамбыл облысының Шу ауданынан 105 келіден асатын марихуана әкелмек болған азаматқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-патруль полициясы қызметкерлері Шу ауданының тұрғынын Шу - Астана тас жолында ұстаған. Құжаттарын тексеру кезінде автокөлік жүргізушісі күдікті көрініп, себепсіз мазасызданған. Автокөліктің ішінен өсімдік тектес заты бар сөмкелер табылды. Сараптама қорытындысы бойынша оның жалпы салмағы 105 келі 720 грамм болатын кептірілген марихуана екені белгілі болды.

"Қылмыстық іс материалдарынан сотталушының адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, есірткі заттарын Алматы қаласында орналасақан базарлардың біріне 100 мың теңгеге апаруы тиіс болғаны анықталды", - делінген сотың баспасөз хабарламасында. 

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз иемденгені, тасымалдағаны және сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл қылмысы үшін оған мүлкін тәркілеумен бірге 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза мөлшерін түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети