Алматы қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев Instagramда есірткінің және ине салынған қолдың суреті бар контентті анықтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев Instagramда есірткінің және ине салынған қолдың суреті бар контентті анықтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша Instagram қолданушысының материалдарын полицейлер зерттеп жатыр.
"Басшылықтың тапсырмасымен аталған қыздың Instagram әлеуметтік желісіндегі мәліметтерді тексеру және зерделеуді Алматы қаласының ішкі істер департаментінің жедел әрекет ету бөліміне тапсырылған. Тексеріс қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі. Егер қолданушы есірткі қабылдап, оны әлеуметтік желіде жариялаған болса, онда ол адам жазаланатын болады", - деді Әзірбек. Оның айтуынша тексеріс қорытындысы бойынша жүздеген адам шағымданған қыздың әрекеті есірткіні насихаттау болып табыла ма, жоқ па деген мәселеге қатысты шешім шығарылады.
Айта кетейік, қыздың өзі ашық түрде есірткі қабылдайтынын мойындап, әлеуметтік желіге инелі шприцпен екпе салынған қолды жүктеген. Аккауынтында қыз өзінің тәртіпсіз екенін және Алматыдағы клубтарға жиі баратынын жазады.