10 қазан 2015 | 10:58

Алматы дәмханасында қызды ұрған ер адам видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған скриншот Видеодан алынған скриншот

Желіде Алматыдағы танымал дәмханалардың бірінде ер адамның қызды ұрған сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Алматыдағы танымал дәмханалардың бірінде ер адамның қызды ұрған сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккен қыздың танысы болған оқиғаның мән-жайы туралы өз нұсқасын Facebook желісіне жазды. Оның айтуынша, сол кеште ол құрбыларымен дәмханада кездескен. Тағы бір үстелде мас күйінде екі ер адам отырыпты, олар қыздардың мазасын алған көрінеді. Әкімшілер қыздарды басқа орынға жайғастырса да, ер адамдардың бірі оларды мазалауын қоймаған. "Күзетшілерден оларды тәртіпке салуды бірнеше рет өтіндік. Сонымен қатар, қандай да бір жағдай бола қалса жақын жерде болуларын сұрадық. Күзетшілер ештеңе істеген жоқ! Ер адам кетіп бара жатып құрбымның басынан ұрды, бірақ күзетшілер ешқандай әрекетті қолға алмай, ол дәмханадан шығып кетті. Құрбымның жағдайы нашарлап, біз жедел жәрдем мен полиция шақырттық", - деп жазды қыз. Оның айтуынша, дәмханадағы өзге келушілер бұл оқиғаға куә. Қыздың сөзіне қарағанда, күзетшілер қыздарды қорғамаған, ал әкімшілік оларға есепті ұсынып, бірақ кешірім сұрамапты.

Видеоны Facebook әлеуметтік желісіне дәмхананың ресми өкілі Әлішер Елікбаев жариялады. Сонымен қатар, ол қыздардан кешірім сұрап, оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.

"Әкімшілікпен сөйлестім. Оқиғаның видеосын сұрадым және оны жиырма реттей көріп шықтым. Сонымен қатар, мынадай тұжырымға келдім, қызметкерлер тап біз үйреткендей әрекет еткен. Видеодан әкімші қыздың болған оқиғаны байқап, күзетшіні шақырғанын көруге болады. Күзетші келіп, ішімдік ішіп алған жігіттерді залдан шығаруға тырысты. Олар қарсылық танытқан да жоқ. Бірақ олардың бірі портфельді қалқалап, қызды ұрып кетеді. Бұл өте жексұрын әрекет дер едім.

Бірақ күзетші мұны байқаған жоқ, себебі ол жанжалдың өзге қатысушысымен әуре болып жүрді. Дегенмен, байқаса да оған төбелес ұйымдастыруға тыйым салынған. Ол ер адамдарды залдан шығарып, әкімшілік жедел жәрдем мен полицияға қоңырау шалды. Видео құқық қорғау органдарына берілді. Барлық әрекет нұсқамаға сай орындалды.

Қыздар өздері үшін біреудің қарсы тұрып, тіпті сол жігіттерді залда ұрып тастағандарын қалады. Бірақ өмір Стивен Сигал түскен боевиктерден де күрделі. Күзетші ол үшін сотталатын еді. Заңгерлер мұны растайды деп ойлаймын", - деп мәлімдеді Елікбаев Facebook-те.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети