Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасындағылар кедендік бақылау бекеті бөлімі басшысы Станислав Шегайдың ұсталуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасындағылар кедендік бақылау бекеті бөлімі басшысы Станислав Шегайдың ұсталуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басқармадағылардың айтуынша, 45 жастағы Станислав Шегай 2016 жылдың 20-25 қазан аралығында 3 000 долллар көлемінде қаражат алған.
"2017 жылдың 20 ақпанында Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен Алматы қалалық МКД қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында кедендік бақылау бекеті бөлімі басшысы Шегай Станислав Валерьевич (28.04.1972 жылғы) 3 000 доллар бопсалады деген күдікпен ұсталды. Ол кәсіпкерден 5,5 миллион тенге мөлшеріндегі анықталған кеден бажын өндіріп алу және қайта есептеу бойынша шараларды қолданбау үшін 3 мың доллар пара алғаны үшін күдікті деп танылды", - деді қалалық МКД өкілдері.
"Бұл дерек бірыңғай тергеу реестріне тіркеліп, жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттегілерге жолданды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қалалық МКД түсіндіру жұмыстары басқармасындағылар.
Ұсталған ер адам Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар пара алды деген күдікпен бірнеше лауазымды тұлғаны ұстағаны хабарланған болатын.