Алматыда қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы директоры Хайырболат Хайдаровқа үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы директоры Хайырболат Хайдаровқа үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімді Бостандық ауданының №2 соты шығарды. Хайдаров "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жарату және иелену" бабы бойынша айыпты деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды және ол бес жыл бойында мемлекеттік қызметтерге тағайындала алмайтын болды. "ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза сынақ мерзімін үш жылға бекіту арқылы шартты түрде деп есептелді. Сот сотталушыға пробациялық бақылау бекітті", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
"Хайдаров Алматы қалалық "Дене шынықтыру және спорт басқармасы" ҚМК жетекшісі бола отырып, Алматы қалалық бапкерлер құрамасының жеңіл атлетика бойынша аға бапкері С.Рыпаков бар бір топ адаммен алдын-ала келісім бойынша 2013 жылдың наурызынан 2014 жылдың қазанына дейін С.Рыпаковқа сеніп тапсырылған қаражатты жымқырған, бұл 12 373 281 теңге сомасындағы қаражат жаттығу іріктеулеріне бөлінген. Сот жазаны тағайындауда сотталушының шығынды өтеуін, өткеніндегі жақсы тәртібін, егде жасқа келуін және денсаулық жағдайын есепке алды, - делінген хабарда.
Сот үкімі заңды күшіне әзірше енген жоқ.