Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Алматы қалалық спорт басқармасының экс-жетекшісі сотталды

19 Сәуір 2016, 09:58
0
Хайырболат Хайдаров. © Tengrinews.kz
Хайырболат Хайдаров. © Tengrinews.kz

Алматыда қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы директоры Хайырболат Хайдаровқа үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімді Бостандық ауданының №2 соты шығарды. Хайдаров "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жарату және иелену" бабы бойынша айыпты деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды және ол бес жыл бойында мемлекеттік қызметтерге тағайындала алмайтын болды. "ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза сынақ мерзімін үш жылға бекіту арқылы шартты түрде деп есептелді. Сот сотталушыға пробациялық бақылау бекітті", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Хайдаров Алматы қалалық "Дене шынықтыру және спорт басқармасы" ҚМК жетекшісі бола отырып, Алматы қалалық бапкерлер құрамасының жеңіл атлетика бойынша аға бапкері С.Рыпаков бар бір топ адаммен алдын-ала келісім бойынша 2013 жылдың наурызынан 2014 жылдың қазанына дейін С.Рыпаковқа сеніп тапсырылған қаражатты жымқырған, бұл 12 373 281 теңге сомасындағы қаражат жаттығу іріктеулеріне бөлінген. Сот жазаны тағайындауда сотталушының шығынды өтеуін, өткеніндегі жақсы тәртібін, егде жасқа келуін және денсаулық жағдайын есепке алды, - делінген хабарда.

Сот үкімі заңды күшіне әзірше енген жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай