Алматы Қаржы полициясының бұрынғы басшысына қатысты үкім күшін жойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы Қаржы полициясының бұрынғы басшысына қатысты үкім күшін жойды

Жоғарғы сотта 14 жылға сотталған Алматы қаласы Қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғарғы сотта 14 жылға сотталған Алматы қаласы Қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2020 жылғы 30 Маусымда кассациялық тәртіп бойынша Аманбаевқа қатысты қылмыстық істі қайта қарады, ол 2017 жылғы 22 ақпандағы сот үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

"Жоғарғы Соттың кассациялық инстанциясы соттың Аманбаевқа қатысты үкімі кінәсіздік презумпциясының конституциялық принципін бұзатынын анықтады.

Аманбаевқа ұйымдасқан топ құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу, жалған кәсіпкерлікке жәрдемдесу, аса ірі мөлшерде пара алу және ақшаны заңдастыру жөнінде тағылған айыптаулары басқа сотталушының жауаптарына ғана негізделген.

Ол адамның іс бойынша айғақтары қандай да бір басқа материалдармен-құжаттармен, заттай дәлелдемелермен, жедел-іздестіру шараларының немесе жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен расталмайды",- делінген хабарламада.

Осыған байланысты Жоғарғы сот алқасы Аманбаевқа қатысты үкім күшін жойып, қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтатты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети