Алматы кеденінде заңсыз әкелінген дәрі-дәрмек партиясы анықталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы кеденінде заңсыз әкелінген дәрі-дәрмек партиясы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы кеденінде заңсыз әкелінген дәрі-дәрмек партиясы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы "Жетісу" кеден бекетінде кедендік тексеру барысында Үндістаннан заңсыз әкелінген дәрі-дәрмек партиясының жолы кесілді.

"Тағамға биологиялық белсенді қоспа" деген атпен таза салмағы 356 келі болатын 54 449 дана дайын дәрілік заттардың партиясын (таблетка түрінде) елге кіргізуге тырысқан", - деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Кедендік сараптама нәтижесінде тауар "дәрілік зат" екені және терапевтік мақсаттарда пайдалануға арналғаны анықталды. Ол дозаланған дәрілік формада бөлшек саудаға арналып оралған.

"Жүргізілген есептеулерге сәйкес тауардың кедендік құны 43,4 миллион теңгені, ал бюджетке келтірілген шығын сомасы 5,2 миллион теңгені құрады.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының іс-әрекетінен Қылмыстық кодекстің 234-бабында көзделген "экономикалық контрабанда" заңбұзушылық белгілері байқалады. Осыған байланысты материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді", - делінген хабарламада.

Жалпы, жыл басынан бері департамент кедендік тексеру нәтижелері бойынша кеден заңнамасын бұзудың 780 фактісін анықтаған. Айыппұл сомасы 6,4 миллион теңгені құрады, қосымша 82,2 миллион теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар есептеліп, өндірілді.

МКД "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодекстің 34-бабы 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар одақтың кедендік шекарасынан өткен кезден бастап кедендік бақылауда болатынын еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro