28 қаңтар 2015 | 14:41

Алматы - Киев рейсінің жолаушысы ұшақта жанжал шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

"Эйр Астана" компаниясының Алматы - Киев рейсін орындаған ұшағының бортында Украинаның 35 жастағы азаматы жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметіне қарағанда, оқиға туралы хабарлама Алаты әуежайындағы Желілік полиция бөліміне 27 қаңтарда аэродромның диспетчерлік қызметінің операторынан түскен.

Иконка комментария блок соц сети

Жанжалдың кесірінен ұшақты басқару жолынан қайтып әкелуге тура келді. Полицейлер Украина азаматының орта деңгейде мас екенін анықтады. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің мәліметінше, ол тәртіп сақтамай, иллюминаторды жұдырықтап, ескертуге назар салмай, бортсеріктерге боқтық сөз айтқан және жолаушылармен ұрысқан. "Оған қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіле бастады", - деп хабарлады баспасөз өкілдері.

Осыған дейін мұндай оқиға Астана әуежайында болған еді. Ол кезде ұшақта Өзбекстан азаматы айқай шығарды. Бұл ісі үшін ол рейстен алып тасталды. Ол мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзып, полицейлер мен бортсеріктерге қарата боқтық сөз айтқан. Нәтижесінде сот оны "Қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкілін қорлағаны үшін" 200 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети