Алматы колледжіндегі жарылыс ісіне қатысты айыпталушыға қаза тапқан қыздың ата-анасы кешірім берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
@Владимир Прокопенко @Владимир Прокопенко

Алматыдағы сән және дизайн колледжінде болған жарылыс кезінде қаза болған Светлана Яковлеваның ата-анасы осы іс бойынша айыпталып жатқан АӘД пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаевқа кешірім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы сотталушы өкілі Қолғанат Қабанбаева мәлімдеді. Еске сала кетейік, Алматы колледжіндегі жарылыс 2014 жылдың қарашасында болды. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы сән және дизайн колледжінде болған жарылыс кезінде қаза болған Светлана Яковлеваның ата-анасы осы іс бойынша айыпталып жатқан АӘД пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаевқа кешірім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы сотталушы өкілі Қолғанат Қабанбаева мәлімдеді. Еске сала кетейік, Алматы колледжіндегі жарылыс 2014 жылдың қарашасында болды. 

Заңгердің айтуынша, қаза тапқан қыздың отбасының өкілі, өзінің әріптесі "Қару-жарақты заңсыз сақтау" бабы бойынша қозғалған қылмыстық істе Қарабалаевты ақтау туралы өтініш берді. Сонымен қатар, қаза тапқан қыздың ата-анасы "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" бабы бойынша Қараблаевты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға тартуды сұрады. "Қаза тапқан қыздың басқа туыстары да Қарабалаевқа ешқандай кінә тақпайтынын мәлімдеді", - деді Қабанбаева.

Оның айтуынша, колледждегі жарылыс ісіне айыпталушы жәбірленуші тараппен татуласқан. "Олар айыпталушының ешқандай кінәсі жоғын біледі. Қарабалаев материалдық және моральдық шығындарды өтеді. Оқиға абайсызда болды. Ол әскери граната екенін білген жоқ. Сондықтан да Қарабалаев басқа балалар сияқты өзінің де өмірін қатерге тікті", - деді заңгер.

Еске сала кетейік, колледждегі жарылыс ісі бойынша АӘД пәнінің тағы екі мұғалімі: Юрий Гавриленко мен Серік Баймұлдинов айыпталып отыр. Бұл екі мұғалімді "Қару-жарақты заңсыз сақтау" бабы бойынша, ал сабаққа гранатаны алып келген Қарабалаевқа тағы екі: "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Денсаулыққа зиян келтіру" баптары бойынша айып тағылды.

Еске сала кетейік, Алматы сән және дизайн колледжіндегі жарылыс 17 қараша күні сағат 08.40-та алғашқы әскери дайындық сабағында болды. Іс материалдарына қарағанда, Қарабалаев колледждің бірінші курсының №9 тобына сабақ беріп жатқан. Ол оқушыларға РГД-5 гранатасының құрылымын көрсетіп жатқан, бұл гранатаны ол алғашқы әскери дайындық пәнінің бұрынғы мұғалімі Юрий Гавриленкодан алыпты. Қарабалаев гранатаны оқушыларға беріп, оның мұрындығын тартуға болмайтынын ескерткен. Үзіліс кезінде ол гранатаны партаның үстіне қалдырған. Сол кезде студенттердің бірі мұрындықты тартып қалады да, жарылыс болады. Оқиға салдарынан бір студент қыз қайтыс болып, 12 адам ауруханаға түсті, тағы үш адам дәрігерлерге өз еркімен көрінді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer