Алматы маңындағы атыс: жәбірленушілер сот үкімімен келіспейді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысында Іле ауданындағы "Поляна" демалыс аймағына жасалған шабуыл бойынша сот шешімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында Іле ауданындағы "Поляна" демалыс аймағына жасалған шабуыл бойынша сот шешімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға 2020 жылдың қазанында болған еді. Бетперде киген белгісіз адамдар клиенттер мен қызметкерлерге оқ атты. Мекеме қызметкері мен иесі жарақат алды. Полиция шабуылдаушылардың бір бөлігін дереу анықтап, ұстай алды.

Тергеу сегіз айға жуық созылды, материалдар тағы бір жыл бірнеше аудандық соттарда қаралды. Жәбірленуші тарап іс қаралып жатқанда бірнеше рет өзгергенін де мәлімдеді: қастандық жасаудан бұзақылыққа.  

Бастапқыда алты адам сотталушы ретінде қаралды. Кейінірек құқық қорғау органдары тағы үш күдіктіні ұстады. Барлығы турбазаға шабуыл жасады деген күдікке ілінген, бірақ бүгінде бәрі "Бұзақылық" бабы бойынша сотталып отыр. Олар үкімді түрмеде отырғанда тыңдады.

"Сот Каленовті 239-баптың 3-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған үш жыл және алты ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бақтыбаев ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігінің 5, 7-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ахатинский 293-баптың 3-бөлігі 2-тармағына кінәлі деп танылсын және үш жыл және бес ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деп хабарлады судья Айгүл Қасенова.

Арна журналисінің сөзінше, мемлекеттік айыптау жеті сотталушыдан 15 жылға колонияға және тек екі сотталушыдан 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда атысқа қатысушылар үш жылдан алты жылға дейін жазаланды, ал үшеуі түрме мерзімін бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Жәбірленушілер тергеу барысында өрескел заңбұзушылықтар болғанын бірнеше рет мәлімдегені айтылды. Демалыс аймағының иелері осы уақытқа дейін сот алдына неге тек тоғыз шабуылдаушы келгенін түсінбейді, себебі олардың саны әлдеқайда көп болғаны белгілі.

"Мен мұнда шок күйде тұрмын, өйткені прокурор бәріне дерлік 15 жыл сұраған, бірақ жартысы дерлік босатылды. Мен өз өмірім үшін, отбасым үшін қорқамын. Адамдар көп қару-жарақпен, гранатамен болды, бұлар көп қарумен көшеде еркін жүре алатын адамдар", - дейді зардап шеккен Ольга Кузнецова.

Жәбірленуші тарап үкіммен үзілді-кесілді келіспейді және енді шағым жазуға ниетті. Сондай-ақ, демалыс базасының иесі жақын арада Бас прокуратура мен Жоғарғы Сотқа өтініш жазуды жоспарлап отыр. Бизнесмендер құқық бұзушыларға қатаң жаза талап етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro