Алматы маңындағы демалыс орнында болған атыс: 6 адам сотқа тартылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған Видеодан алынған

Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнында 2020 жылдың күзінде болған атыс ісі бойынша сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнында 2020 жылдың күзінде болған атыс ісі бойынша сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс бойынша сот талқылауы Алматы облысының Іле аудандық сотында өтіп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап, төрелігін шығаратын судья Еркен Сейітов.

Сурет: Tengrinews.kz

Айыпталушылар тарапында Абзал Қаленов, Ерік Бақтыбаев, Никита Охотский, Азамат Расулов, Жарқын Жапелов және Олжас Байтұрғанов бар. Бәрі оқиғаның мән-жайын тергеу сәтінен бастап қамауға алынған. Оларға ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасады деген айып тағылып отыр.

"Бұл бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, сондай-ақ бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру, әдепсіз әрекеттер жасау қару-жарақ, пышақ, жезден және басқа денсаулыққа зиян келтіруге бейімделген заттарды қолдану арқылы адамдар тобы жасаған әрекет", - делінген бап сипаттамасында.

Сотталушыларға үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру түріндегі жаза көзделген.

Еске салайық, 2020 жылғы 31 қазанда Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнының иесі мен қызметкерлері оқ жарақатын алғаны хабарланған болатын. Полициядағылардың айтуынша, маска таққан 15-20 адам демалыс орнына келіп, сол жерде мекеме иесімен - 1980 жылы туған ер адаммен жанжалдасып қалған. Содан соң олар оқ атқан. Артынша оқиға орнынан сұр түсті Mercedes w140 және ақ түсті Mercedes көлігімен қашып кеткен. Негізгі күдіктілер Алматы қаласы, Алматы, Қостанай облыстарында ұсталып, қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer