Алматы облысы Білім басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Майгүл Омарова Майгүл Омарова

Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова 37 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый регион" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова 37 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый регион" басылымына сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына қарағанда, Майгүл Омарова 2020 жылдың қазан-қараша айларында жеке кәсіпкермен жалпы сомасы 406 миллион теңгеге 2 522 дана ноутбук жеткізуге және пандемиямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар аясында сатып алып, жеткізілген ноутбуктерді кедергісіз қабылдауға бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шартын жасасқан.

ҰҚКД және Алматы облысының прокуратурасымен бірлесіп, ақпанның 1-інде ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі бойынша бұрын тіркелген № 211900131000006 сотқа дейінгі тергеу бойынша арнайы жедел-іздестіру шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізгені хабарланды. Оның нәтижесі бойынша "Алматы облысының білім басқармасы" ММ басшысы Майгүл Тлеутайқызы Омарова, "Алматы облыстық білім саласындағы ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығы" КММ басшысы Арапби Айдынұлы Меңлібаев (1992 жылғы) және Алматы облысы Білім басқармасының Күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Абдолданова Бақыт Сағатқызы (1989 жылғы) әшкере болған.

"2021 жылғы 1 ақпанда топ болып, алдын ала сөз байласу арқылы "Әзім", Lazer, LapTop, LuckCom, "Алмас", "Қыдыралинов" ЖК өкілі Н.Ж.Нүкеновтен 37 650 000 теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алды. Параны олар "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде Алматы облысының орта білім беру мекемелерінде қашықтан оқыту үшін пандемияға қарсы күрес жөніндегі дағдарысқа қарсы шаралар аясында жалпы сомасы 406 миллион теңгеге сатып алынған 2 522 дана ноутбукті кедергісіз қабылдау және жеткізуге 2020 жылғы қазан-қарашада жеке кәсіпкерлік тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасағаны үшін алған", - делінген хабарламада.

Тінту барысында 37 450 000 теңге сомасында қолма-қол ақша түріндегі заттай айғақ табылып, тәркіленген.  (қалған 200 мың теңге бұрын "Kaspi Bank" АҚ-дағы Б.С.Абдолданованың банк картасына аударылған).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro