23 шілде 2021 | 16:05

Алматы облысы ТЖД экс-басшысы ақша жымқырғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында ҚР ІІМ ҚАЖК және Алматы облысы ТЖД қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында ҚР ІІМ ҚАЖК және Алматы облысы ТЖД қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметенше, 19 шілдеде Алматы облысының Талдықорған қалалық соты өрт сөндіру бөлімдерінің ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша үкім шығарды.

Облыстық ТЖД басшылығының бұрынғы екі өкілі, сондай-ақ "Еңбек-Жауғашты" бөлімшесінің қызметкерлері сотталды:

  • ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Жауғашты" бөлімшесінің директоры Ж. А. Баймұратов (ҚК-ның 189-бабы 2-бөлігі 4-тармағы "Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") - 10 жылға бас бостандығынан айыру;
  • ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Жауғашты" бөлімшесінің заң кеңесшісі А. М. Жұмажанов (ҚК-ның 189-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) - 10 жылға бас бостандығынан айыру;
  • ҚР ІІМ ТЖК "Алматы облысы ТЖД" ММ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Д. Е. Байсариев ( ҚК-ның 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы "Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану") - "азаматтық қорғау полковнигі" арнаулы атағынан айыра отырып, үш жыл және алты айға бас бостандығын шектеу";
  • "Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Н. Степанищев (ҚК-ның 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) - "азаматтық қорғау полковнигі" арнаулы атағынан айыра отырып, үш жылға бас бостандығын шектеу.

"Еңбек-Жауғашты" компаниясының екі өкілі өрт сөндіру бөлімдерін жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырды деп айыпталса, бұрынғы ТЖД бастығы Байсариев пен өрт сөндіру қызметінің бастығы Степанищев өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараттарына жүргізілген күрделі жөндеудің сәйкестігі туралы орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойды деп күдікке ілінген.

Айта кетейік, Дарынбек Байсариев 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін Алматы облысы ТЖД бастығы қызметін атқарған. Бұған дейін осындай лауазымда Шымкент қаласында болған.

Бұған дейін Алматы облысында Ұйғыр аудандық сотының судьясы Сүлейменов 9 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети