Алматы облысы Ұйғыр ауданында маусым айының ортасында бір түнде Үлкен Диқан ауылынан белгісіз біреу жайылымда жүрген 10 есекті үптеп кеткен. Тұрғындардың дер кезінде полицияға жүгінгенінің арқасында қылмысқа қатысы бар тұлғаны анықтау мүмкін болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Жедел іздестіру шаралары негізінде Ұйғыр ауданының полицейлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен Шонжы ауылының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу барысында ұрланған есектердің арзан бағада Талғар ауданында сатылғаны белгілі болды. Ұрланған малды сатып алушы да анықталды және қолды болған жануарлар өз иесіне қайтарылды", - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
Аталған қылмыстық іс Ұйғыр ауданы полициясының өндірісінде. Қазіргі уақытта ұсталған күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бары анықталып жатыр. Облыстық полицейлер ұрланған мүлікті сатып алумен айналысты деген күдікке ілінген Талғар ауданының тұрғынын да жауапкершілікке тарту мәселесін көтеретінін жеткізді.