19 қаңтар 2018 | 15:57

Алматы облысында 12 жастағы қызды қонақүйде зорлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© median.az © median.az

Алматы облысында 12 жастағы оқушы қызды зорлады деген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында 12 жастағы оқушы қызды зорлады деген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ІІД мәліметінше, ауыл тұрғыны 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды.

Оқиға Іле ауданында болған. 18 қаңтарда аудандық полицияға Междуреченск ауылының тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша, белгісіз ер адам оның 12 жастағы қызын зорлаған.

"Жедел іс-шаралардың арқасында күдікті бірнеше сағаттың ішінде ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша ("Зорлау") қылмыстық іс қозғалды. 1996 жылғы күдіктінің 12 жастағы қызды ауылдағы қонақүйлердің бірінде зорлағаны анықталды", - деп хабарлады полициядағылар.

Сондай-ақ, ІІД мәліметінше, күдікті берген түсініктемесінде қыздың өз жасынан үлкен көрінгенін және қыздың жақын қатынасқа түсуге келісім бергенін айтып түсіндірді. Алайда зардап шеккен тарап бұл сөздерді жоққа шығарып отыр.

Қазіргі уақытта күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети