Алматы облысында 19 жастағы тұрғын ауылдасының көлігін ұрлап, бөлшектеп тастаған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 19 жастағы тұрғын ауылдасының көлігін ұрлап, бөлшектеп тастаған polisia.kz

Алматы облысында ауылдасының көлігін ұрлап, бөлшектеп тастаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ауылдасының көлігін ұрлап, бөлшектеп тастаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға Ақсу ауданында болған. Вахтада жұмыс істейтін ауыл тұрғыны үйіне оралғанда, көлігі жоқ екенін байқаған. Ол бірден полицияға арыз берген.

Полиция қызметкерлері көлікте ақау болғандықтан, алысқа кетуі мүмкін емес екенін біліп, жақын маңды тексерген.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 19 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Айғақтардан кейін күдікті қылмысын мойындап, көліктің қалған бөлшектерін көрсетті", - деп мәлімдеді Ақсу АПБ бастығының орынбасары Нұржан Кеңесханұлы.

Оның айтуынша, күдікті ұрлаған көлікті өз үйінің ауласына апарып, бөлшектеп тастаған. Сатуға жарамды кейбір бөлшектерін сатып жібергені белгілі болды. Сондай-ақ, көліктің ізін жасыру мақсатында қалғанын темір қабылдаушыларға өткізгісі келген. 

"Көлік иесіне 2 миллион теңгеден аса шығын келді", - деді полиция қызметкері.

Қазір күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар ма деген сұрақ бойынша тексеріс жүргізіліп жатқаны айтылды. Көлік бөлшектері тәркіленіп, іс материалдарына айғақ ретінде тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети