Алматы облысында 20 жастағы жігіт вакцинация паспортын қолдан жасаған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 20 жастағы жігіт вакцинация паспортын қолдан жасаған Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Полиция Алматы облысының 20 жастағы тұрғынын вакцинация паспорттарын заңсыз ресімдегені үшін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Алматы облысының 20 жастағы тұрғынын вакцинация паспорттарын заңсыз ресімдегені үшін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері, Қарасай ауданындағы ауыл тұрғынын деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде ұстап, оның жалған вакцинация паспорттарын дайындаумен айналысқанын анықтады.

Ер адамды үй қамауына алып, ҚР ҚК 385-бабы, 1-бөлігі "жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бойынша деректі тіркеді.

Осы бап бойынша кінәліге 2000 АЕК (5,8 миллион теңге) дейін айыппұл түріндегі жаза, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Полиция сонымен қатар жалған вакцинация паспортын немесе ПТР талдауын қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Бұл үшін азаматтарға 40 тәулікке дейін қамауға алу немесе 160 АЕК-ке дейін (467 мың теңге) айыппұл салу қаупі төніп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети