Алматы облысында 21 жастағы мұғалім суицид жасаған

Видео кадры Видео кадры

Алматы облысында бүтін бір отбасы қызымызды суицидке итермеледі деп полицияда жұмыс істейтін күйеу баласын және оның отбасын айыптап отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында бүтін бір отбасы қызымызды суицидке итермеледі деп полицияда жұмыс істейтін күйеу баласын және оның отбасын айыптап отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, 21 жастағы мұғалім Гүлмайса Жақыбаева Жаркенттің шетіндегі үйден асылып қалған күйі табылған. Жас келіншек күйеуімен жанжалдасып қалған соң төркініне келіпті. Ал келесі күні таңда өзіне қол салған. Жақындары дереу жедел жәрдем шақырғанымен, 21 жастағы келіншекті ажалдан арашалап қалу мүмкін болмаған.

21 жастағы мұғалімнің отбасының айтуынша, Гүлмайса Жақыбаеваны күйеуі мен ата-енесі қорқытып, 13 миллион теңге ұрлықты мойнына алуға мәжбүрлеген. Тіпті, сәбиінен бас тартқызған екен. Осыған қорланған 21 жастағы келіншек төркінінің үйінде асылып қалған. Видеоүндеу жазып, әлеуметтік желіге таратқан марқұмның анасы жергілікті полицияның тергеуді әділ жүргізетініне сенбей отыр.

Марқұм бір жарым жұл бұрын Жанат есімді полицей жігітке тұрмысқа шыққан екен. Ата-анасының айтуынша, оны суицидке итермелеген жағдай бір апта бұрын болған. Сол күні Жанат Қуанышбаев келіншегін сотқа апарып, өзгенің қылмысын мәжбүрлі түрде мойындатқан көрінеді.

"Бұны әбден қорқытқан, өзі де бұрыннан қорқады екен ғой, бізге білдіртпей жүрген. Қағазды жазғызған. Ол қағазға: "Мен 13 миллион теңге ұрладым, ұрлағаным рас, мойындаймын" деп жазғызған", - дейді марқұмның анасы Ардақ Жақыбаева.

Одан бөлек, күйеуі "Бес айлық баламнан бас тартамын" деп жазғызған. Марқұмның әбден қорқып тұрғанын көріп, соттағылар қағазды қабылдамаған. Ал күйеуі қолхатты қыздың ата-анасына көрсетіпті.

Ата-анасының сөзінше, олар жағдайға полицей күйеу баласын ғана емес оның отбасын да кінәлайды.

"Жазбаның бәрін өзгертпекші болған ғой, сот-медициналық сараптаманы. Өйткені мына жерде электрошокпен күйдірген ізі бар дейді, қолы көгерген", - дейді марқұмның әпкесі Кәмшат Жақыбаева.

Телеарна мәліметінше, Гүлмайса Жақыбаеваның өліміне байланысты "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабымен қылмыстық іс қозғалыпты. Ал Жанат Қуанышбаев аяқ астынан денсаулығына байланысты демалысқа кеткен.

"Қазір күдікті болып танылған жоқ. Қорғануға құқығы бар адам ретінде, куә ретінде жауап алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру енді басталды. Біз қажетті сараптамаларды тағайындадық. Солардың қорытындысын ала келе, заңды шешім қабылдаймыз", - дейді Панфилов аудандық ПБ бастығының орынбасары Айдар Әбдірахманұлы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro