Алматы облысында 8 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 8 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды © Sputnik Казахстан

Алматы облысында 8 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 8 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2008 жылғы қызға Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылының маңайында 14 сәуірде шабуыл жасалған. 

"Құқық қорғау органдарына қыздың ата-анасынан 14 сәуірде кешкі уақытта арыз түсті. Арызда олар қыздарына қатысты құқыққа қайшы әрекет жасалғанын айтқан. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер") тергеу жүріп жатыр. Тергеу шараларын Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Еңбекшіқазақ ауданының 1985 жылғы тұрғыны", - деп хабарлады полицейлер. 

Облыстық ІІД өкілдері осы іс бойынша барлық қажетті сараптаманың тағайындалғанын хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети