Алматы облысында 8 жастағы қыздың жағдайының сараптама қорытындысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасының директоры Ролан Нұрбаевқа сілтеме жасап.
Алматы облысында 8 жастағы қыздың жағдайының сараптама қорытындысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасының директоры Ролан Нұрбаевқа сілтеме жасап.
Директор қыздың жағдайымен бөлісті. "Қазіргі уақытта ол бізде ем алып жатыр, негізгі диагноз бас сүйек миы зақымданған, миы шайқалған, көз алмасы зақымданған. Оған неврологиялық салада көмек көрсетіліп жатыр. Біз психологиялық көмекте көрсетіп жатырмыз. Психолог күн сайын онымен жұмыс істейді", - деді Нұрбаев.
Ол кез келген жарақаттың жатып емделуі керектігін айтады. Анасы қызының жанында. "Қыз өте белсенді, есін біледі, сұрақтарға жауап береді. Ол бізде 7-10 күндей жатады. Оның хирургтар араласатындай жарақаты жоқ, барлық емді ол осы жерден алады", - деді клиникалық аурухананың директоры.
"Сот сараптамасының ресми қорытындысы бар, зорлау әрекеті бар, бірақ зорлау дерегі болмаған. Оның барлық мүшелері сау", - деді Нұрбаев.
Ол осы жағдай оның тәжірибесінде бірінше рет еместігін айтты. "Бізде жыл сайын 1-2-3 осындай жағдайлар болады. Кей кездері зорлық белгілері де болады, әрқашанда әр түрлі, мұндайда жағдайлар болады", - деді дәрігер.
Еске салайық, Алматы облысында 8 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды. 2008 жылғы қызға Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылының маңайында 14 сәуірде шабуыл жасалған.
"Құқық қорғау органдарына қыздың ата-анасынан 14 сәуірде кешкі уақытта арыз түсті. Арызда олар қыздарына қатысты құқыққа қайшы әрекет жасалғанын айтқан. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер") тергеу жүріп жатыр. Тергеу шараларын Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Еңбекшіқазақ ауданының 1985 жылғы тұрғыны", - деп хабарлады полицейлер.
Облыстық ІІД өкілдері осы іс бойынша барлық қажетті сараптаманың тағайындалғанын хабарлады.