Алматы облысында ағасы қонақ болып келген інісін өлтірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ағасы қонақ болып келген інісін өлтірді Көрнекі сурет ©Тұрар Қазанғапов

Алматы облысы Қарасай ауданында кісі өлімі дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Қарасай ауданында кісі өлімі дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz

5 маусымда Бұлақты кентіндегі жеке үйлердің бірінен 41 жастағы ер адамның денесі табылған. Оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалған. Сот сарапшыларының алдын ала қорытындысы бойынша, жәбірленуші жүрек тұсынан пышақталған.

Жәбірленуші Ақтөбе облысының тумасы болып шыққан. Ол ағасына қонақ болып келген. Ағасы жалдамалы пәтерде азаматтық некедегі жұбайымен бірге тұрған.

Ведомство мәліметінше, бөлмелердің күйіне қарағанда, үйде ішімдік ішілген. Сонымен қатар, оқиғаға қатысы бар екінші адам белгісіз бағытқа қашып кеткен.

"Іздестіру топтары жергілікті жерді қарады. Жақын маңдағы барлық елді мекен тексерілді. Нәтижесінде, күдікті көрші ауылдың көшелерінің бірінен табылды. Ер адам жәбірленушінің 52 жастағы ағасы болып шықты. Екеуінің арасында жанжал туындаған, арты қайғылы оқиғаға ұласқан", - деді полицейлер.

Күдікті қамауға алынды. Оқиға орнынан бірнеше ас үй пышағы табылған, олардың бірі қылмыс құралы болған. Қажет сараптамалар тағайындалған. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети