06 қазан 2015 | 19:38

Алматы облысында ағайындылар "Әл-Каиданың" құрамында қақтығыстарға қатысқаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vb.kg © vb.kg

Алматы облысында ағайынды екі ер адам Сирияда "Әл-Каиданың" жағында қақтығыстарға қатысқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында ағайынды екі ер адам Сирияда "Әл-Каиданың" жағында қақтығыстарға қатысқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 2015 жылдың наурыз айында Алматы облысының арнайы қызметтері Қарасай ауданының 1973 жылғы азаматын қамауға алды. Ұсталған ер адам исламның радикалды ағымының ұстанушысы бола отырып, сириялық армияға қарсы жиһадшылардың жағында соғысқанын мойындады. 

Тергеудің мәліметінше, 2013 жылдың желтоқсанында ол Түркия-Сирия шекарасынан заңсыз өтіп, "Әл-Каида" халықаралық лаңкестік ұйымының құрамына кіретін Әбу Убейданың жамағатына қосылған. Сонымен қатар, бұл топтың құрамында оның 1971 жылы туған туған ағасы да соғысыпты. Олар Сириядағы Алеппо қаласында орталық түрмені басып алу бойынша қарулы қақтығыстарға қатысқан.  

Прокуратураның мәліметінше, олардың кішісі Қазақстанға оралғаннан кейін қарулы жиһад идеясын насихаттаумен айналысқан. Оның пәтері мен көлігін тінту кезінде жедел уәкілдер мазмұнында экстремизм белгілері бар кітаптарды, кітапшаларды және дисктерді тәркілеген.   

"Бұл мақсатта ол заңсыз қарулы құрылымдарға қатысып жатқан ағасына банк арқылы ақша жіберіп, қаражат жинаған. Мұның барлығы 2003 жылы жиһад туралы аудио және видеодәрістерді тыңдап, экстремистік мазмұндағы сайттарды көргеннін кейін басталған", - деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Ағайындылардың кішісі тергеуге процесуалдық келісіммен барып, өз ісіне өкініп, қылмысын мойындап, өзге қылмыстарды әшкерелеуге жәрдемдескен. Соттың үкімімен ағайындылар айыпты деп танылап, әрқайсысы мүлкі тәркілене отырып алты жылдан бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, үкім шығаруда сот олардың мойындап, кәмелетке толмаған балаларының бар екендігін негізге алған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети