Алматы облысында анықталған контрафактілік алкоголь өнімі дәрігерлерге беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында анықталған контрафактілік алкоголь өнімі дәрігерлерге беріледі Видео кадры

Алматы-Қапшағай тас жолында бес тоннадан аса алкоголь өнімі бар көлік анықталды. Енді контрафактілік спирт Алматы облысының дәрігерлеріне беріледі , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі бойынша комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы-Қапшағай тас жолында экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Талдықорған қаласына бес тонна жалған алкоголь өнімін алып бара жатқан Mercedes маркалы жүк көлігін ұстады. 

"Алкоголь өнімдері 1993 жылы туған Алматы облысының тұрғынына тиесілі екені анықталды. Тінту кезінде құрамында спирт бар 1000 бес литр бөтелке тәркіленді. Аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды. Одан кейін спиртті Алматы облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына беру мәселесі шешілетін болады", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети