Талдықорғанда әскери адам әйелі мен баласы үшін жәрдемақы алу мақсатында ажырасқанын жасырып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талдықорғанда әскери адам әйелі мен баласы үшін жәрдемақы алу мақсатында ажырасқанын жасырып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2016 жылы 26 желтоқсанда әскери сотта Талдықорған гарнизонында әскери қызметкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 3-тармағы ("Алаяқтық") бойынша сот отырысы өтті.
Әскери қызметте жүріп, Қапшағай қалалық сотының үкімімен 2014 жылы 8 шілдеде оның некесі бұзылған, және балалары анасының қамқорлығында қалған.
2014 жылы 4 қарашада ҚР Қорғаныс министрлігінің орынбасарының жарлығымен ол Талдықорған қаласының 54... әскери бөлім командирінің орынбасары қызметіне тағайындалған.
"2015 жылы сәуірде тұрғылықты комиссияның шешімімен оған Талдықорған қаласынан қызметтік пәтер берілді. Ол Талдықорған қаласының халыққа қызмет көрсету орталығына өзінің және нотариус бекіткен бұрынғы жұбайы М. мен балаларының құжаттарын көшірмелерін алып, оларды аталған мекенжайға тіркеуге тұрғызған. Содан Б. әскери қызметкері, яғни 54... әскери бөлім командирінің материалдық-техника қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланып, пайдақорлық ниетпен, алдау жолымен, 54380 әскери бөлім басшыларына өзінің жанұясы онымен бірге тұрады деген жалған ақпарат беріп, 2015 жылы 22 сәуірде әскери бөлім командирінің бұйрығымен жанұясына 271 251 тенге мөлшерінде көтерме жәрдемақысын алып, алаяқтық жолымен бөтеннің мүлкісін ұрлап, әскери бөліміне, яғни мемлекетке 271 251 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірген", - делінген соттың хабарламасында.
Сот үкімімен әскери қызметкер қылмыстық заңбұзушылыққа ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 3-тармағы ("Алаяқтық") бойынша айыпты деп танылып 500 (бес жүз) АЕК (1 060 500) теңге айыппұл салынды, сонымен қатар екі жыл бойы ол мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.