14 наурыз 2022 15:53

Алматы облысында "Атамекен" ҰКП филиалының директоры ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында "Атамекен" ҰКП аудандық филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында "Атамекен" ҰКП аудандық филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысында "Атамекен" ҰКП аудандық филиалының директоры қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кәсіпкерлерден "Бастау Бизнес" мемлекеттік жобасы шеңберінде ісін жаңа бастағандарға мемлекеттік кредит алуға көмектескені үшін бірнеше рет 200 мың теңгеден заңсыз ақшалай сыйақы алған", - делінген хабарламада.

Деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 253-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу аяқталып, прокуратураға жолданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети