Полиция аудандық судьяның үйін тонап кеткен Алматы облысының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция аудандық судьяның үйін тонап кеткен Алматы облысының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 шілдеде Қаратал ауданының полицейлері аудандық судьяның Сарыбұлақ ауылында орналасқан үйінен ақша мен зергерлік бұйымдардың ұрлағаны туралы хабарлама келген. Шығынның жалпы көлемі - 19 343 000 теңге.
Полицейлер оқиға орнын тексеру барысында ұрылардың пластикалық терезелерден кіріп кетіп, қымбат бұйымдар мен ақшалар тұрған сейфті бұзғанын анықтады.
Кейінірек Қаратал аудандық полиция қызметкерлері облыстық ІІД қызметкерлерімен біріге отырып, осы қылмысты жасады деген күдікпен Көксу ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады.
"Күдікті Текелідегі жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталып, кінәсін мойындады", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі бойынша ("Ұрлық") қылмыстық із қозғалды. Ұсталған ер адам қамауға алынды.