Алматы облысында аурухана басшысы туралы жазба жариялаған блогер жазаланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында аурухана басшысы туралы жазба жариялаған блогер жазаланды Фото polisia.kz сайтынан

Алматы облысында блогер жала жапқаны үшін 20 күнге сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында блогер жала жапқаны үшін 20 күнге сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дерекке сүйенсек, 39 жастағы ауылдық блогер әлеуметтік желіде Шелек ауылындағы емхана мен аурухана басшыларының бірі туралы жалған ақпарат таратқан. Хабарламада медицина қызметкері жергілікті тұрғындардың бірін ақшалай сыйақы үшін жұмысқа алғаны айтылған.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат резонанс тудырған. Кейін емхана жетекшісінің өзі ар-намысын қорғау туралы арызбен құқық қорғау және сот органдарына жүгінген.

"ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігінде көзделген "Жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған, жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату" дерегі бойынша жиналған материалды 4 мамырда сот қарады", - делінген хабарламада.

Сот қаулысы бойынша күдікті кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

Блогер бұл жазбаны бұрынғы әйелінің өтінішімен жариялағанын алға тартып, кінәсін мойындамаған. Сот қаулысын орындау Шелек ПБ қызметкерлеріне жүктелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети